Астанада зейнеткерлерге арналған шағын орталықтың (Күйші Дина к-сі, 25/1) салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл 24 мыңнан астам ардагер тұратын «Алматы» ауданындағы 16-шы демалыс орны.
«Бүгінгі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. «Елбасы атап өткендей, Тәуелсіздік заманы – жасампаздық пен істердің ұлы жолы. Бірлік пен тұрақтылық – егеменді Қазақстанның мызғымас негізін қалайтын басты құндылықтарымыз», – деді «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев шара барысында.
Шара аясында елорданың дамуына, сондай-ақ жастарды патриотизмге тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан белсенді 25 ардагерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.