Домой Қоғам Алматы Шойын өндіру зауытының құрылысы аяқталды

Шойын өндіру зауытының құрылысы аяқталды

Шойын өндіру зауытының құрылысы аяқталды

aaa5149688948f98cda18a26da2dc035Кеше Индустрияландыру күніне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен Жалпыұлттық Телекөпір барысында Текелі қаласында кенді қайта өңдеу кешенінде «OxyCup» инновациялық әдісімен шойын өндіру зауытының құрылысы аяқталғаны хабарланды.

Жаңа зауыт инновациялық әдіспен жылына 400 мың тоннаға жуық шойынды қайта илеуге қауқарлы. Мұнда Қарағанды облысындағы кен орнынан байытылып алынған жергілікті темір концентраты пайдаланылады. «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС директоры Бақыт Шалбаевтың айтуынша зауыт өзінің алғашқы қорытпасын Тәуелсіздікке 25 жыл толған күні өндіретін болады.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарына 650 адам жұмылдырылса, іске қосылуына 500 маман тартылмақ. Жұмсалған қаржы 8 млрд-тан астам теңгені құрайды.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Жобаның негізгі инвесторлары — «Горное бюро» ЖШС және «KSP Steel» Павлодар құбыр илек зауыты» ЖШС.

Мұнан кейін «Алматы — Қапшағай» автокөлік жолы құрылысының аяқталуы туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдекбаев баяндады. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы жол бөлімі» филиалының директоры Съезбек Әлішев «Алматы — Шу» темір жол вокзалы учаскесіндегі екінші жол құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here