Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры өнер ордасының қызметі барысындағы елеулі оқиғалар туралы көрме ұйымдастырды, онда театрдың академиялық статус алуы, актерлерге пәтер кілттерін табыс ету сияқты оқиғалар қамтылған. Соңғы 25 жылда театр өз қойылымдарына 2 млн аса көрермен жинаған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тәуелсіздік жылдары театрда 150-ден аса премьера өтіп, 8 000 аса спектакль қойылған. Актерлер Людмила Крючкова, Маргарита Мухаметжанова, Александр Корженко, Лариса Лебедева және Сергей Матвеев «Мәдениет қайраткері» атанды. Владимир Иваненко «Кұрмет» орденімен марапатталды.
Ұжым 70 республикалық және халықаралық фестивальге қатысқан. Академиялық театр статусын алуы актерлерді шығармашылық тұрғыда өсуге ынталандырды.
«Біз актерлеріміздің біліктіліктерін шыңдау үшін белгілі ресейлік шеберлерді шақырамыз, өзіміз де Ресейге барамыз. Осының барлығы елімізде мәдениеттің дамуына көңіл бөліп отырған мемлекет, қала әкімдігі көрсетіп отырған қолдаудың арқасы», — дейді театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Хасенов.