Домой Қоғам Ақтөбе Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ақтөбеліктер 1094 пәтердің кілтін алады

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ақтөбеліктер 1094 пәтердің кілтін алады

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ақтөбеліктер 1094 пәтердің кілтін алады

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында берілген пәтерлердің кілтін тұрғындарға табыстау салтанатына қатысты. Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» баспасөз орталығы хабарлады.

№18, №36 және №38 үйлердің құрылысы 2015 жылы басталып, 2016 жылдың қыркүйек айында аяқталды. Осы үйлерден пәтерлер «Қолжетімді тұрғын үй», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында берілді. Бір шаршы метрінің құны 100 мың теңгеге бағаланды. 540 пәтердің жартысынан астамы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының үлесіне тиесілі болды. Ал қалған бөлігі баспана кезегінде тұрғандарға беріледі. Құжаттарын дайындап үлгерген 25 отбасы бүгін пәтерлердің кілтін облыс әкімінің қолынан алды. Қалған 515 тұрғын құқықтарын растайтын құжаттары дайын болған соң, жаңа қоныстың қожайыны атанады.

— Сіздер Елбасының тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған саясаты туралы жақсы білесіздер. Тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың құрылысы, жолдардың жөнделуі біздің өңірде жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Болашақта Елбасының тапсырмасына сәкес, ауқымды жұмыстар атқарылады. Облыста 5000 пәтердің кілтін беру жоспарланып отыр, — деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

Соңғы 5 жылда облыста 2,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 19 мың отбасыны баспанамен қамтуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй құрылысына 163 млрд. теңге инвестиция тартылды. Биыл 580 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here