2017 жылы Ақтөбе облысында алтын өндіру фабрикасының құрылысы басталады. Кәсіпорынның жылдық қуаты 5 млн тонна құрамында алтыны бар кен. Облыс үшін ғана емес, еліміз үшін аса маңызды жоба туралы облыс әкімі Бердібек сапарбаевтың «АltynEx Company» АҚ басшылығымен өткен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды «Ақтөбе-ақпарат» баспасөз орталығы.
«АltynEx Company» компаниясы 2015 жылдан бері Мұғалжар ауданына қарасты Алтынды ауылындағы «Юбилейное» кен орнында алтын өндірісімен айналысады. Кәсіпорын жылына 300 мың тонна кен өндіреді.
Фабриканың құрылысы кезінде 800 адам жұмыспен қамтылады. Ал құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген соң, өндіріске 700-ге жуық адам тұрақты жұмысқа алынады. Жобаның жалпы құны — 100 млрд. теңге.