Ертең Талдықорған қаласында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай бірнеше нысан пайдалануға беріледі.
Ертең таңертең Талдықорған қаласының солтүстік-батыс ауданында фельдшерлік амбулаториялық пункт, полиция бөлімшесі, кітапхана және ардагерлер бөлмесі орналасқан нысан ашылады.
Сонымен бірге 4 жекеменшік балабақша пайдалануға беріледі. Оның бірі 50 орындық «Аниса» және 40 орындық «Нұрай балабақшасы. Ал Талдықорған қаласына қарасты Еркін аулында 17 орындық «Әдемі» және 15 орындық «Какаду» мектепке дейінгі мекемелері бар.
Сондай-ақ Тәуелсіздік және Шевченко көшелерінің қиылысындағы үйлер ауласында спорттық алаңқай ашылмақ. Нысан спортпен айналысам деген жеткіншектер үшін демеушілер қаржысына салынған.