Домой Қоғам Алматы Үш жылдың бюджеті белгіленді

Үш жылдың бюджеті белгіленді

Үш жылдың бюджеті белгіленді

mttdthutАлматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен VI шақырылған облыстық мәслихаттың XI кезекті сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде облыстың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы мәселе қаралды.

Сессияда белгілі болғанындай, облыстың 2017 жылға арналған даму бюджеті 51,3 млрд. теңге сомасында анықталды. Ал үш жылға арналған жалпы сипаттағы транферттер туралы қабылданған заңда Алматы облысы бойынша 2017 жылға субвенциялар көлемі 149,3 млрд. теңге көлемінде белгіленгенін де айта кету керек.

2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасына депутаттар бірауыздан қолдау білдірді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов:

— Жалпы бюджет облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдарланған және барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағытталған. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатының жақсаруына әсер етеді, — деді.

Сонымен қатар облыстың барлық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салуды, бюджеттік қаражаттың уақытылы және сапалы пайдаланылуын қатаң бақылауға алып, қамтамасыз етуді тапсырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here