Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Тәуелсіздік – тірегім!» атты облыстық форум өтті.
Жиналған қауымды облыс әкімі А. Баталов құттықтады. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы желтоқсандықтардың үлесі туралы айта келе, облыс басшысы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды тапсыру салтанатын атқарды.
Сонымен қатар жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, «Жетісулық желтоқсандықтар» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермұхан Жүнісхан, Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы Елдар Сапаров және Тәуелсіздік құрдастары да құттықтау тілектерін білдіріп, ойларын ортаға салды.
Шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.