Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның болашағына ықпал еткен басты шешімдерінің бірі елорданы Алматыдан Астанаға көшіру екендігі сөзсіз.
1997 жылы Астана (ол кезде Ақмола) жас мемлекетіміздің жаңа астанасы атанды. Сарыарқаның жүрегінде орналасқан қала ХХ ғасырдағы Қазақстанның үшінші астанасы. Осындай маңызды шешім біреудің тапсырмасымен емес, республиканың билік өкілдерінің бастамасымен алғаш рет қабылданды. 1998 жылдың 10 желтоқсанында Астананың халықаралық тұсаукесері өтті.
Мемлекет басшысының елорданы көшіру туралы шешімі әуелде бәріне авантюра болып көрінгені жасырын емес, 90-шы жылдары барлық посткеңестік кеңістікте тоқырау, жұмыссыздық, экономикалық құлдырау орын алды. Скептиктердің көбі, бұл жобаның сәтті жүзеге асырылатынына сенімсіздік танытты.
Бірақ уақыт бәрін өз орнына қойды, Елбасының қиядан шалатын көрегендігі елінің бақытына орай шындыққа айналды. «Назарбаевтың төл перзенті» — Астана Қазақстан мемлекетінің басты символдарының біріне, барша әлемге танымал брендке айналды.
Бірнеше жылдың ішінде Астана Қазақстанның басты әкімшілік қаласы ретінде қалыптасты. Жаңа елорда – кешегі Ақмола – мемлекетті модернизациялауға және экономикамыздың барлық салаларында қарқынды өсімге жаа серпін берді. Шаһар барша қазақстандықтарды еліктірді. Бүгінде Астана бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің аумағындағы ірі мәдени, әкімшілік-іскерлік, қаржы-экономикалық орталық болып табылады.
Бүгінде Қазақстанның асанасы қалай өзгерді, оның қысқа ғана тарихында қандай оқиғаларды атап өтуге болады?
Бірінші кезекте, қала халқының қарқынды өсімі, табиғи демографиялық өсім мен көші-қон өсімінің арқасында халық саны 275,3 мың адамнан 1 миллионға жетті, бүгінде Астана Қазақстандағы «миллион» тұрғыны бар екінші қала. Қазіргі кезде бала туу көрсеткіші жалпыреспубликалық көрсеткіштен 1,3 есеге артты. Бұл ретте 2016 жылы нәрестелер өлімі Астанада 2016 жылы бала өлімі 1 мың жаңа туған нәрестелерге шаққанда 7,5%-дан (2015 жылы) 2016 жылы 6,2%-ға дейін төмендеді, бұл республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен. Сондай-ақ, ана өлімі 2015 жылмен салыстырғанда 1,6 есе төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 4,8 құрады, бұл республика бойынша көрсеткіштен 2,6 есе төмен.
Халық өсімі жаңа баспаналар, әлеуметтік, мәдени нысандар салуды, жаңа көлік инфрақұрылымын құруды және т.б. қажет етеді. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Астанада 280-нен аса пәтер (2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде). Көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда.Елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы болуы үшін 2016 жылы 45 аялдама павильоны орнатылды, электронды жолақы төлеу жүйесі мен жүктемесі көп бірқатар көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді, қоғамдық көлік үшін жолақтар бөлінді.
Инвестиция тарту–экономиканың маңызды индикаторы. Ойланып көріңізші: Мемлекет басшысы ел астанасын ауыстыру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап (1998 жыл) елордаға құйылған инвестициялардың көлемі 40 есе өсіп, 40 млрд АҚШ долларынан асып түсті! Қазіргі уақытта Қазақстанның негізгі капиталға инвестициялардың жалпыреспубликалық көлеміндегі елорданың үлесі 11% құрайды.
2016 жылдың қаңтар-қазан айларында Астана қаласының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 631 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 6,7%-ға көп.
Жыл басынан бері «Астана — жаңа қала» АЭА-ында жалпы құны 204,8 млн теңге болатын 7 жоба іске қосылды, 2016 жылдың соңына дейін жалпы құны 1 млрд теңгеге жуықтайтын, 63 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін тағы 2 жобаны тапсыру жоспарланып отыр.
Елордада жаңа денсаулық сақтау және білім мекемелері де бой көтеруде. 2016 жылдың соңына дейін үш денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған: 500 төсек-орынға арналған туберкулезге қарсы диспансер (Железнодорожный тұрғын алабының солтүстік-шығысында), сот-психиатриялық сараптама бөлімі, жедел медициналық жәрдем станциясы; жыл сайын жаңа мектептер мен балабақшалар ашылады. Озық оқыту технологиялары белсенді енгізіліп жатыр.
Бұл да оң әсерін беруде, мұны 2016 жылы елордалық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда еншілеген жүлделерден көруге болады: «Астана құрамасының» қоржынында осындай интеллектуалдық жарыстарда жеңіп алған 267 марапат бар. Сонымен қатар, астаналық оқушылар республикалық олимпиадада және ғылыми жобалар конкурсында он жыл қатарынан жалпыкомандалық есепте бірін орын алып, «Үздік команда» атанып келеді.
Астана Қазақстанның басты туристік орталықтарының бірі. 1998-2016 жылдар аралығындағы кезеңде Астанаға жыл сайын келетін шетелдіктердің саны шамамен 50 есеге, Қазақстан азаматтарының саны 43 есеге артты. ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында туристік инфрақұрылымды дамыту үшін қалада ауқымды инфрақұрылымдық өзгерістер орын алуда, бұл ару астанамыздың тартымдылығын арттырады. Қызмет көрсету саласының сапасын жақсарту мақсатымен Астананың Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оған қонақ үйлер, хостелдер, қоғамдық тамақтану нысандары, қызмет көрсету кәсіпорындары және көлікті компаниялар қатысуда.
…Айрандай ұйып отырған барша қазақстандықтардың еңбегінің арқасында тәуелсіздік жылдары Астана үлкен жетістікке қол жеткізді. Астана өткен мен бүгінгі заман емес,болашаққа көз тастайды. Демек, Қазақстанның бас қаласының маңызды кезеңдері әлі алды.