Домой Қоғам Алматы Тұрақтандыру қорының жұмысы талқыланды

Тұрақтандыру қорының жұмысы талқыланды

Тұрақтандыру қорының жұмысы талқыланды

a87876897541401829f7d8b2c242dfa8Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен облыстық әкімдікте бүгін тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Жиында бағаларды бақылау мен тұрақтандыру мәселесі талқыланды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Маржан Мұраттың айтуынша, облыстың тұрақтандыру қорының айналымында 333,6 млн. теңге ақша қаражаты бар. Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының барлығы 12 түрі сатып алынды. Атап айтқанда, қант, күріш, бидай ұны, шай, жарманың түрлері, макарон өнімдері алынды.

Сатып алынған тауарлардың бөлшек саудадағы бағасы белгіленген және нарық бағасынан 5-10% төмен. Бұл тауарлар әлеуметтік бағыттағы сауда нүктелерінде сатылады. Талдықорған қаласында олардың саны – 10.

Сонымен қатар қазіргі кезде тұрақтандыру қорының қоймасында 762 224,73 кг азық-түлік тауарлары бар, оған қоса жеткізушілерде — 58 500 кг.

Л. Тұрлашов белгілі бір азық-түліктің нақты бір мерзімдердегі қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік маңызды тауарлардың базарға келіп түскені туралы мәліметті күнделікті жазып отыру жұмысын қолға алуды ескертті. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары бағаға тұрақты мониторинг жасауды тапсырды.

Л. Тұрлашов жиыннан кейін әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына бақылау жасау мақсатында қаладағы әлеуметтік бағыттағы сауда орындарында болды. «Санжар» дүкеніндегі, «Дәулет» сауда үйіндегі, коммуналдық базардағы азық-түлік түрлері мен бағаларымен танысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here