Домой Қоғам Астана Қызылордалық Гүлбану Әзімхан «Қазақстан аруы – 2016» атанды

Қызылордалық Гүлбану Әзімхан «Қазақстан аруы – 2016» атанды

Қызылордалық Гүлбану Әзімхан «Қазақстан аруы – 2016» атанды

Бейбітшілік және келісім сарайында сұлулық сүйер қауым ең ауқымды әрі ең әсерлі сұлулық байқауы «Қазақстан аруы — 2016» байқауын тамашалады. Жиырмасыншы мерейтойлық «Қазақстан аруы-2016» байқауы айрықша атмосферада өтті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтардың онлайн және смс-дауыс беруі арқылы еліміздің ең сұлу аруы атағын Гүлбану Әзімхан иеленді. Бас жүлде мен бес миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері атанған бойжеткен «Әлем аруы — 2017» халықаралық байқауында ел намысын қорғайтын болады.

Астаналық Елназ Нұрсейітова бірінші вице-ару атанды. Екінші вице-ару — көкшетаулық Жанар Тұрлыбаева. Үшінші вице-ару — өскемендік Анастасия Усольцева.

Алғаш рет жобаға «Дарындар шоу-думаны» жаңа форматы енгізілді, онда әрбір 25 қатысушы өз қабілеттерін көрсете алды. Ұлттық және кешкі көйлектер киіп-шығудан басқа, көрермендер назарына қазақ даласының ұлы қыздары: Дина Нұрпейісованы, Әлия Молдағұлованың, Күләш Байсейітованың тағдырлары туралы жоба ұсынылды. Байқаудың финалына шыққандар өз кейіпкерлерінің тағдырлары туралы баяндап, ұлы даланың қаһарман қыздарының өмірлік ұстанымдары, мінсіздікке ұмтылыстары бүгінгі күні адамдарды шабыттандырып, үлгі алар тұлғаларға айналып отырғанын жеткізді.

Конкурстың соңғы турында арулар қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.

Салтанатты кештің жүргізушілері танымал тележүргізуші Динара Сәтжан және опера әншісі, «Астана Опера» театрының солисі Сүндет Байғожин. Қонақтар алдында «Славянский базар — 2015» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов, әншілер Мақпал Исабекова, Айкын, рәсімнің хэдлайнері Формат тобы мен Қайрат Баекенов өнер көрсетті.

«Ақшаның бір бөлігін балалар үйіне, қалғанын – ата-анама беремін», — деді Гүлбану Әзімбаева журналистерге берген сұхбатында.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here