Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елорда әкімі Әсет Исекешев желтоқсан оқиғаларының 18 қатысушысына «Желтоқсанның 30 жылдығы» құрмет медальдарын табыс етті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Астана әкімі қонақтарды құттықтап, мемлекеттік мерекенің маңыздылығын атап өтті.
«Биыл ел тәуелсіздігіне 25 жыл, тарихи тұрғыдан бұл қысқа кезең, бірақ Қазақстан үшін бұл тарихи кезең. Елбасымыз айтқандай, бұл жылдың маңызды оқиғасы. Еліміздің барлық жетістіктерін ұғынып, болашаққа жоспар жасауымыз керек», – деді әкім.
«Мемлекет басшысы «Мәңгілік елге» айналу жолында мықты мемлекет құрып, әлемнің өркениеті озған 30 елінің қатарына қосылу мақсатын қойды. Мереке қарсаңында желтоқсан оқиғаларының қатиысушыларына естелік медальдар табыс ету мен және менің әріптестерім үшін үлкен құрмет, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы есте қалар оқиға болады деп ойлаймын», — деді әкім өз сөзінде.
Өз кезегінде марапатқа ие болғандар әкімге көңіл көбілп, құрмет көрсеткені үшін алғыстарын айтты.
«Астана – Президенттің төл перзенті. Бұл біздің жоба, мемлекетіміздің келбеті. Сізге қызметіңізде толағай табыстар тілейміз, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластыырылған шаралар, желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын лайықты атап өтейік. Еліміздің жетісстіктерін барша әлемге тағы да паш етейік. Біз барлық жоспарларды жүзеге асыруға көмектесуге дайынбыз» — деп мәлім етті ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары Сабыр Касимов.