ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде елорда әкімдігінің қолдауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде ұйымдастырылған республикалық және қалалық байқаулардың финалы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Байқау үш номинация бойынша өткізілді: жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасында «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат», «ЭКСПО жылнамасы» — үздік бейнебаянды анықтауға арналған жалпы білім беретін және арнайы ұйымдардың жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған.
Байқаудың ұйымдастырушылары: ҚР Тұңғыш Президенті Музейі, Астана қ. Білім басқармасы және қалалық «Әділет» кәсіподағы.
Қоғамдық пән мұғалімдерінің арасындағы қалалық конкурсқа 27 жұмыс ұсынылды, соның 8-і іріктеуден өтіп, ақтық сында 4 финалист қазылар алқасына берілген тақырып бойынша ашық сабақтар өткізді.
Байқаудың қорытындысы бойынша № 62 мектеп-лицейдің мұғалімі Нұрлан Исасейітов Гран-при иегері атанды. Бірінші орын №17 мектеп-гимназияның мұғалімі Алма Салмақоваға бұйырды. «Көгілдір парус» мектепке дейінгі мекемесінің педагогы Нұргүл Сақауова екінші орын, №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ольга Опанасенко үшінші орын алды.
«Алғаш рет байқаулар музейдің қабырғасында елорданың ғана емес, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген ұстаздардың басын біріктірді. Мұғалімдер өздерінің оқыту әдістемелерін таныстырып қана қоймай, креативтілік пен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Мұндай байқаулар экономика, саясат, Астанада ЭКСПО өткізу, «Мәңгілік ел» жаңа ұлттық идеясын насихаттау бағытындағы Мемлекет басшысының бастамалары туралы жаңа және жүйеленген білімдерді оқу-тәрбие процесіне уақытылы енгізуге көмектеседі», — деп атап көрсетті Тұңғыш Президент Музейі директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.