15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай Ақтөбе қаласы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Оған Мәртөк, Ойыл, Әйтеке би, Қобда, Қарғалы, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Жәрмеңке өнімдерінің бағасы қала базарларына қарағанда 10-15%-ға төмен болады.