Ақтөбеде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Дін мен дәстүрдің өзара байланысы» тақырыбын талқылаған халықаралық конференция өтті. 4 мыңан астам діни бірлестіктердің өз қызметтерін тұрақты атқарып жатқандары айтылды, деп хабарлайды Ақтөбе жаңалықтары.
— Ақтөбе облысының аумағында 90 діни бірлестік пен олардың филиалдары жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, жергілікті атқарушы орындар барлығына бірдей жағдай жасап отыр. Президентіміз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, ұлттар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына үлкен көңіл бөлді, — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Шара барысында 25 жылда еліміз толеранттылықтың, ұлтаралық бірлік пен конфессияаралық келісімнің эталонына айналып отырғандығы айтылды.
Аталмыш конференцияда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы, Ресей мұсылмандары орталық діни басқармасының Орынбор мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресей ислам институтының өкілі, «Нұр Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің өкілі, Орск қаласы жергілікті діни бірлестік төрағасы, Қазан қаласының имам-мухтасибінің орынбасары, Қазан мухтасибаты аппаратының басшысы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, республикалық және Ақтөбе облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері және жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, теолог мамандар мен имамдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Дін қызметкерлерінің арасында өткен халықаралық кездесуде дін мен дәстүр байланысы түсіндірілді.