Домой Қоғам Астана Елордалық оқушылар халықаралық олимпиадалармен байқауларда көптеген жетістіктерге жетті

Елордалық оқушылар халықаралық олимпиадалармен байқауларда көптеген жетістіктерге жетті

Елордалық оқушылар халықаралық олимпиадалармен байқауларда көптеген жетістіктерге жетті

c-52016 жылы 324 елордалық оқушы халықаралық олимпиадаларда және ғылыми жобалардың байқауларында 267 медальмен марапатталды (2015 жылы – 399 қатысушы, жүлделі орын саны – 238).

Қалалық білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 40 оқушы халықаралық олимпиадаларда 30 жүлделі орынға ие болды, 284 оқушы ғылыми жобалардың байқауларына қатысты (237 жүлделі орын).

Сондай-ақ, астаналық оқушылар республикалық олимпиадада және ғылыми жобалардың байқауында осымен оныншы жыл қатарынан жалпыкомандалық бірінші орын алып, «Үздік команда» атануда.

Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Астана оқушыларының білім сапасы 2014-2015 оқу жылындағы 59,6%-дан 2015-2016 оқу жылындағы 62,2%-ға дейін артты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері 86,6 балдан 89,2 балға дейін көтерілді, «Алтын белгіге» үміткер 133 мектеп түлегі өз білімдерін дәлелдеді (2015 жылы – 112).

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here