Домой Қоғам Астана Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы туралы кітаптың тұсауы кесілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы туралы кітаптың тұсауы кесілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы туралы кітаптың тұсауы кесілді

cТәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа «Нартұлға» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кітапқа Елбасының Қазақстан тәуелсіздігін тұғырлы ету, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, Қазақстандағы және әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысындағы батыл бастамалары мен Астананы салу сынды бірегей идеялары арқау болған.

Туынды авторы Қайрат Бисембаев Елбасының атом қаруынан бас тарту, әлемдік дінбасылардың басын қосу, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру және астананы көшіру секілді тағдырлы шешімдеріне терең үңіле отырып, оның қайраткерлік, көшбасшылық қасиеттерін түрлі қырынан аша түседі.

«Біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықты да, сол бір кезеңнен жас мемлекеттік Президентіміздің қандай қажыр-қайратпен алып шыққанын да, еліміздің жаңа ғасырда жаңа белестерге қалай қанат қаққанын да көрдік. Бүгінде соның бәрін ой елегінен өткізе отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне іштей қайран қаламын. Сол сезім қолыма қалам алып, мені осы кітапты жазуға жетеледі», — дейді кітап авторы.

Бұл ретте автор Қазақстан Президенті жайындағы өз ойын әлемнің аса көрнекті саяси көшбасшыларының пікірлерімен көмкеріп, қызықты етіп жеткізеді. Төрт тараудан тұратын кітаптың тілі қарапайым, мазмұны тарихи деректер мен естеліктерге бай.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here