Домой Қоғам Астана Түрлі сала мамандары Тәуелсіздік күніне орай арнайы медальмен марапатталды

Түрлі сала мамандары Тәуелсіздік күніне орай арнайы медальмен марапатталды

Түрлі сала мамандары Тәуелсіздік күніне орай арнайы медальмен марапатталды

c-1Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Сарыарқа» және «Есіл» аудандарының әкімдіктерінде педагогтар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, құрылыс саласының мамандары және т.б. үздік еңбеккерлер арнайы медельмен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Сарыарқа» ауданында өткен салтанатты шараға Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева, «Сарыарқа» ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ебенғаббас Ахметов қатысты.

«Сіздер түрлі салаларда еңбек етесіздер, қызметтеріңіз мемлекет пен қоғамның дамуына бағытталған. Осындай азаматтардың арқасында керегеміз кең, тереземіз тең болып мемлекетіміздің іргесі қаланып, дамып келеді», — деді «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өзінің құттықтау сөзінде.

Бұл күні 63 адам арнайы марапатқа ие болды. Сонымен қатар аудан басшысы 18 жылдық тарихы бар ауданның қорытынды жетістіктеріне шолу жасап, алдағы жоспарларға тоқталды.

Сондай-ақ, «Есіл» ауданынының әкімдігінде өткен салтанатты шара барысында аудан әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 27 адамға арнайы медаль табыстады. Шараға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау қатысты. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау, мәдениет, шаруашылық, құрылыс, өнер салаларының мамандары және кәсіпкерлер бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here