Домой Қоғам Алматы Райымбек ауданының Жаңа Текес ауылында бағалы кен өндіретін «Марум Жар Гольд» ЖШС пайдалануға берілмек

Райымбек ауданының Жаңа Текес ауылында бағалы кен өндіретін «Марум Жар Гольд» ЖШС пайдалануға берілмек

Райымбек ауданының Жаңа Текес ауылында бағалы кен өндіретін «Марум Жар Гольд» ЖШС пайдалануға берілмек

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beРайымбек ауданының өнеркәсібі саласында үстіміздегі жылдың 10 айында  14 млрд. 466 млн теңгенің өнімі өндірілген. Ал жыл соңында бұл көрсеткіш 15 млрд. 300 млн. теңгеге жетеді деп күтілуде. Ал, келер жылы аудан өнеркәсібінде 15 млрд. 606 млн. теңгенің өнімін өндіру көзделіп отыр.

Жуырда Жаңа Текес ауылында бағалы кен өндіретін «Марум Жар Гольд» ЖШС пайдалануға берілмек. Нәтижесінде 57 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі деген сенім бар.

— 2017-2020 жылдар аралығында «Қарқара сода» ЖШС арқылы жобалық құны 20 млрд. доллар тұратын кальциленген сода, каустикалық сода және натри сульфатын өндіретін зауыт салуға инвестиция тартылады. Зауыт іске қосылғанда 1000 адам жұмыспен қамтылатын болады. Осы нысанды облыстың индустриаландыру картасына енгізуді ұсынып отырмыз, — деді Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Райымбек ауданының әкімі Жанат Тәжиев.

Жалпы, аудан бойынша жыл басынан бері салық түсімдерінің көлемі 1488,9 млн. теңге болса, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 1848,0 млн. теңгеге орындалады деген болжам бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here