Домой Қоғам Алматы Алматы облысы бойынша отбасылық 706 мал бордақылау алаңы қаржыландырылды

Алматы облысы бойынша отбасылық 706 мал бордақылау алаңы қаржыландырылды

Алматы облысы бойынша отбасылық 706 мал бордақылау алаңы қаржыландырылды

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be«ҚазАгро Холдингі» ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры құрамындағы мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл бизнесін шағын қаржыландыру бойынша негізгі оператор болып саналады. Негізгі мақсатты аудиториясы – ауылдық жерлерде шағын бизнеспен айналысқысы келетін, өз ісін шағын және моноқалаларда ашамын немесе кеңейтемін деген азаматтар. Қордың Алматы филиалының несие қоржыны бүгінгі таңда 8 119,1 млн. теңгені құрап отыр. Белсенді қарыз алушылардың саны 3 500-ден асқан. Несие қоржынының жартысы «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасына» тиесілі. Қаржының негізгі үлесі сүт қабылдау бекеттері мен отбасылық мал бордақылау алаңдарына жұмсалмақ. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Әмір Қамранбай мәлім етті.

Сонымен қатар, қор тарапынан ауылшаруашылық кооперативтерге қолдау көрсетіледі. Олар өнімнің тауарлы партияларын жинақтап, нарыққа және өндірушілерге сатады. Осы орайда айта кетейік, Алматы облысы әкімдігінің тарапынан жылдың соңына дейін отбасылық мал бордақылау алаңдарының санын 150-ге жеткізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда бұл жоспар артығымен орындалып, филиал арқылы 706 отбасылық мал бордақылау алаңы қаржыландырылды. Олар кооперативтерге бірігіп, мал сою бекеттеріне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға несие ала алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here