Домой Қоғам Ақтөбе Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы күні жетім балаларға арналған әлеуметтік үйі ашылды

Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы күні жетім балаларға арналған әлеуметтік үйі ашылды

Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы күні жетім балаларға арналған әлеуметтік үйі ашылды

20161216112635_img_0406Ақтөбе облысында 16 желтоқсан күні «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының баспасөз қызметі.

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бізге әрбір баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету міндетін қойды. Бүгінде елімізде ата-анасының қамқорынсыз қалған жасы 29-ға дейінгі 3 мыңнан астам жас тұрады. Жыл сайын оларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-60 пәтер бөлінеді. Тұрғын үймен қамтамасыз етуді өсіру үшін өңірде жетім балаларды мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдайтын және қамқорлайтын Кешенді бағдарлама қабылданды, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысының бастамасымен жүзеге асырылған әлеуметтік жобаға «Сәби» қайырымдылық қоры 4 млрд. теңге қаржы бөлді. Маңызды нысанның ашылуына Қордың құрылтайшысы, Қазақстанға белгілі меценат Кеңес Рақышев арнайы келді.

Облыс әкімі «Сәби» қайырымдылық қоры мен Кеңес Рақышевқа осындай ауқымды және маңызды жобаны жүзеге асырғандары үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Кеңес Рақышов алдағы көктем айында Орталықтың аумағы толықтай абаттандырылып, спорт алаңдарымен жабдықталатынын жеткізді.

«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында ата-анасының қамқорынсыз қалған 80 жастың әрқайсысы жеке пәтерге ие болады. Бұндай жағдай Ақтөбе қаласында жұмыс жасап тұрған Жасөспірімдер үйінде мүмкін болмаған еді. Бір пәтердің жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрайды. Жайлы баспана қажетті коммуникация және жиһаздармен жабдықталған. Жасөспірімдер үйімен салыстырғанда жастар мұнда 23 жасқа дейін емес, 29 жасқа дейін тұра алады. Және осы уақыт аралығында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы өз баспаналарын сатып алу үшін жеткілікті қаражат жинауларына мол мүмкіндік бар.

Әлеуметтік үйде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың түлектері де тұратындықтан, тұрғын үй ғимаратының жанынан оларға еңбек етіп, жалақы алуға мүмкіндік беретін шағын цехтар салынған.

Бүгінде шаштараз, аяқ-киім жөндеу және киім тігу цехтары жаңа жұмысшыларды қабылдауға дайын.

Әлеуметтік үй тұрғындардың ерекше қажеттіліктерін ескере отыра, тірек-қимыл аппаратының бұзылуын реттейтін жаттығу құрылғылары бар емдік дене шынықтыру залымен қамтылған.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні Ақтөбенің жаңа «Батыс» шағын ауданында «Құлагер» мемлекеттік балабақшасы да өз есігін айқара ашты. Аумағы 5,2 мыңнан астам шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратқа 320 бүлдіршін баратын болады.

Айта кету керек, 320 орындық мектепке дейінгі мекеме «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ашылғалы тұрғын 33 балабақша. Оны салуға 433 млн. теңге бөлінген.

-Мемлекет басшысы Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеологиясын дамыту жас қазақстандықтардың балабақшада алған тәрбиесімен тікелей байланысты екенін үнемі айтады. Тек осы жылдың өзінде 2 жалпы білім беретін мектеп пен 1 жеке мектеп, екі мектепке дейінгі мекеме мен 12 жеке балабақша ашылды, -деп атап өтті өңір басшысы.

Мерейтой жылы өңірде 380 астам қайырымдылық акциясы өтіп, 20 мыңнан астам адам жалпы құны 160 млн. теңге көлемінде көмек алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here