Домой Қоғам ОҚО Түлкібаста 20 жаңа нысан ел игілігіне берілді

Түлкібаста 20 жаңа нысан ел игілігіне берілді

Түлкібаста 20  жаңа нысан  ел игілігіне берілді

15541493_408542126202752_7828527761552665790_n110 мың халқы бар Түлкібас ауданы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын  ерекше  қарсы алды. Ауданда соңғы бір айда  20-ға жуық  әлеуметтік нысан  пайдалануға берілді.

Ауданда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде халыққа қажетті таза ауыз су беріліп,  шалғай ауылдарда білім мен мәдени ошақтары,  денсаулық нысандары мен тұрғын үйлер бой көтерді.  Өркениет елдердегідей   ауылдарға аяқ жолдар салынып, ішкі көшелер жөндеуден өтті.  Халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында қосымша цехтар ашылып, қарапайым спорт алаңшалары  мен әкімшілік ғимараты да  ел игілігіне берілді.

Жаңа нысандардың ашылуында аудан  басшысы Әуелхан Тұрғымбеков  соңғы 25 жылда атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here