Домой Қоғам Астана Қазақстанның бас қаласында шыршаның шамдары жағылды

Қазақстанның бас қаласында шыршаның шамдары жағылды

Қазақстанның бас қаласында шыршаның шамдары жағылды

c-4Мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары елордада Астана әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен бас шыршаның шамдарын жағу салтанатын тамашалады. Шара мерекелік отшашумен ашылды. Алғашқы жаңажылдық кешке қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысып, келушілерге керемет көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елорданың бас шыршасымен бірге елордада Жаңа жыл қарсаңында орнатылған барлық шыршалардың шамдары жағылды. Ең үлкен шыршалар Елордалық цирк, Орталық парк, «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда, «Астана балет» ғимаратының алдында, «Алау» мұзайдын сарайының жанында, орталық алаңда, Есіл ауданы әкімдігінің жанында, сондай-ақ Астана әуежайының жанында орналасқан.

Биыл 300000 шамдар тізбегі мен 2000 жылт-жылт еткен шам бас шыршаның көркін келтіріп тұр. Жаңа жылдың символы 500 қар ұшқынымен және 3000 түрлі түсті шармен безендірілген. Ал жарықтандыруда алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің негізгі түстері — көк, қызыл және жасыл түстер қолданылған.

Сондай-ақ, бүгін бірінші мұз қалашығы ашылып, оны ересектер мен балалар аралап та үлгерді.

«Қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұл керемет сый. Елордада бірегей орындардың көптігі қуантады. Мұнда суретке түсіп, басқа қалалардағы достарымыз бен туыстарымызға жіберіп үлгердік», — дейді қала тұрғыны Ақнұр Айбарова.

Бірнеше сағатқа созылған думанда келушілер сырғанақ теуіп, мұздан жасалған пішіндердің және бас шыршаның жанында суретке түсті.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қалашықты келіп тамашалай алады, ал демалыс және мереке күндері келушілер үшін арнайы бағдарлама әзірленеді — қала тұрғындарының қысқы демалысын ұйымдастыру үшін мұнда концерттер, эстафеталар мен түрлі флэшмобтардан тұратын Astana Winter Fest шарасы өткізілмек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here