Домой Қоғам Алматы Талдықорғанда дзюдодан топ жарған жасөспірімдер Азия чемпионатына қатысады

Талдықорғанда дзюдодан топ жарған жасөспірімдер Азия чемпионатына қатысады

Талдықорғанда дзюдодан топ жарған жасөспірімдер Азия чемпионатына қатысады

20161124205857Талдықорған қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында дәстүрлі республикалық турнир мәресіне жетті. Биылғы дода Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және белгілі бапкер Роберт Кимнің 65 жасқа толуына арналды.

Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі жарыс биыл төртінші жыл қатарынан өтіп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, желтоқсан айында өтетін дзюдодан ашық біріншілік бұл бапкерлер үшін де, жас спортшылар үшін де жылды қорытындылайтын шараға айналған.

Өткен төрт жылда жас дзюдошылардың шеберліктері шыңдалып қана қоймай, спорттық сайыстың қамту ауқымы да ұлғайып, облыстан республикалық дәрежеге жетіп отыр. Танымал жаттықтырушы Дмитрий Хегайдың айтуына қарағанда, биылғы турнирге Алматы облысының аудандарынан бөлек Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысының жастары келген.

«Осылайша, дәстүрлі дзюдо додасы республикалық деңгейге шығып отыр. Алматы облысының барлық аудандарынан, Қапшағай мен Алматы қаласынан да спортшылар бар. 27 салмақ категориялары бойынша 600-ден астам дзюдошы сайысқа қатысуға өтініш білдірген болатын», — дейді Д. Хегай.

Оның айтуынша, спортшылардың жас шамасы 10-13 жасты құрайды. Сонымен қатар, турнирде топ жарған дзюдошылар ұлттық құраманың резервтері болып қана қоймай, республикалық және Азия чемпионаттарының ресми жарыстарына да қатысатын болады.

Республикалық деңгейдегі сайыс үш күнге жалғасып, командалық есепте Алматы облысы Лепсі ауданы спорт интернатының дзюдошылары бірінші орынға ие болды. Олардың қоржынында 5 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль бар. Ал Талғар ауданының және Талдықорған қаласының командалары мықтылар үштігінен көрінді.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here