Алматы облысында туризм саласы қарқынды дамуда. Мәселен Райымбек ауданының бюджетіне биылғы жылдың 10 айында ақылы туристік қызметтен 11 миллион теңгеден астам қаражат түскен.
Аудан әкімі Жанат Тажиевтің айтуынша, биыл ауданға 15 мыңнан астам демалушы келген. Оның басым бөлігі шетелдік қонақтар. Қазіргі уақытта Райымбек ауданында туризмді дамыту бойынша, Мыңжылқы жайлауында «Джади-вилла» атты демалушыларға қызмет көрсету орны салынып жатыр. Және Саты ауылының шеңберінен туристік нысандарды іске қосатын инвесторларға 12 гектар жер телімі бөлінді. Одан өзге, 2017 жылы «Көлсай Көлдері» табиғи паркінде орналасқан 10 қонақ үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.