Домой Қоғам Астана Елордада алғаш рет Астана әкімінің Кубогы үшін таеквондодан турнир өтіп жатыр

Елордада алғаш рет Астана әкімінің Кубогы үшін таеквондодан турнир өтіп жатыр

Елордада алғаш рет Астана әкімінің Кубогы үшін таеквондодан турнир өтіп жатыр

a6c4dcf938a39621401ae0d7321Бүгін Астанада «Дәулет» спорт комбинатының базасында Астана қаласы әкімінің Кубогы үшін таеквондодан турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Шараны елорда әкімдігі, Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі G-Global халықаралық хатшылығы бірлесіп ұйымдастырды. Салтанатты шараға Корей мәдени орталығының директоры Ли де Вон және елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев қатысты.

Турнир екі күнге жалғасады және оған 6-17 жас аралығындағы 500-ден аса жас спортшы қатысуда. Астана қаласының атынан жарысқа 160 бала түседі.

«Бұл ең алдымен елорда брендін дамыту және нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған имидждік жоба. Алдағы уақытта жыл сайын өткізіп, игі дәстүрге айналдырмақпыз. Жарысқа мемлекеттік мекемелер де, жеке спорт секциялары да, таеквондо мектептері де қатысуда», — дейді Астана қ. таеквондо федерациясының президенті, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов.

Кадеттер және жасөспірімдер топтарында 12 жастан асқан балалардың балдары дәстүр бойынша электрондық түрде жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың бірінші кезеңінде жасөспірімдер арасындағы жекпе-жектерде Астана, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары жақсы нәтижелер көрсетті. Алда өтетін шешуші кезеңдерде кіші жас топтарындағы жеңімпаздарды төрешілер анықтайды. Үздік команда елорда әкімінің Кубогын иеленеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here