Домой Қоғам Ақтөбе Алты мың тонна қар шығарылды

Алты мың тонна қар шығарылды

Алты мың тонна қар шығарылды

Ақтөбеде екі айда 6 мың тонна қар шығарылды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлап отыр.

Ақтөбе қаласында көшелердің, бұру жолдар мен қиылыстардың мұзын ойып, қарын аршу үшін 14 мердігер мекеме жұмыс істеп жатыр. 200-ден астам арнайы көліктер күні — түні қарды қала сыртындағы полигонға жеткізуде.
Арнайы техникалар интертті материалдарды көктайғақ болмас үшін көшеге себеді. «60 тоннадан астам тұз, 50 тоннадан астам құм осы күні дайын», — дейді мамандар.
Ақтөбеде құрылған 29 басқарушы компания бар. Олар үйлердің аулаларын ғана емес, үйлерге жақын аумақтарды да қардан тазалауды міндеттеріне алған. Компанияларда 300 адам жұмыс жасайды. Олар белгіленген кесте бойынша, көлік нөпірі аз кезде, түнде немесе таңғы мезгілде көше тазалап жүр.
Соңғы күндері үзіліссіз жауған қар тау болып үйілді. Әсіресе, қаланың жеке секторындағы көшелер көміліп қалып жатыр. Мамандардың айтуынша, қазір тек қала жолдарындағы қардың қалыңдығы 10-15 сантиметрден асқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here