Домой Қоғам Алматы Жаркент өңірінде әйелдердің 30%-ы кәсіпкерлікпен айналысады

Жаркент өңірінде әйелдердің 30%-ы кәсіпкерлікпен айналысады

Жаркент өңірінде әйелдердің 30%-ы кәсіпкерлікпен айналысады

Жаркент өңірінде әйелдердің 30%-ы кәсіпкерлікпен айналысады. Бұл туралы Алматы облысы Панфилов ауданында Іскер әйелдер кеңесі мен Іскер әйелдер қауымдастығының  жыл қорытындысы барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бизнес-ханымдардың форумында сөз сөйлеген Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев әйелдердің кәсіпкерлік қауымдастығы аудан экономикасының дамуына зор үлес қосқанын атап айтты. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде аудандағы кәсіпкер әйелдер ауыл шаруашылығында, фармацевтикада, білім саласында белсенді жұмыс жасап жатыр. Бизнес-құрылымдардың салық төлемдері аудандық бюджеттің 45%-ын құрап отыр, 22 мың адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, қазіргі таңда Жаркент өңірінде 62 мың әйел бар, олардың 30%-ы бизнеспен шұғылданады.

Ал Панфилов ауданының Іскер әйелдер қауымдастығы мен Іскер әйелдер кеңесінің филиал басшысы Суриям Ізімованың айтуынша, аудандағы әйел кәсіпкерлер жыл өткен сайын көбейіп келеді. «Біздің әйелдер осы жылдар ішінде аудан экономикасына 1,5 млрд теңге табыс түсірді, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылды. Мәселен әріптесіміз Махинұр Аюпова жаңа наубайхана ашты, наубайханасы заманауи техникамен жарақталған. Бануля Разиева мемлекеттік бағдарлама арқасында мал шаруашылығын дамытып отыр. Балшекер Жәпішева бизнесін кеңейтіп, жаңа дәмхана ашты. Мұндай мысалдар жетіп артылады»,  деді Суриям Ізімова. Кәсіпкер Ұлболсын Аманбаева «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы аумағында сауда жасап жүр. Айгүл Әлімжан Қытайдан инвестор тауып, жүн өңдеумен айналысуды көздеп отыр.

Алматы облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Римма Салықова басшыларына кәсіпкерлікті қолдағандары үшін алғыс айтып, Бердәулет Абдулдаевқа «25 ізгі істің керуені» мүсінін сыйға тартты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here