Бүгін iPhone 6S ұялы телефонының сатылымы басталады.
Берлиндегі Apple компаниясының бас мекемесінің алдында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Жаңа смартфон үшін тұрғындар бірнеше күн қатарынан далада түнеп жүр. Қазір кезекте 150 адам тұр. Олардың кейбірі Германияға Болгария, Ресей, Украинадан арнайы келген. Хельге Брун, Берлин тұрғыны: — Мен мұнда арнайы шатыр орнатып, түнеп жүрмін. Күндіз жаңбыр жауған жағдайда қолшатырымды да алып келдім. Бұл күндері фастфуд жеп, дайын өніммен тамақтанудамын. Мұндай кезекте алғаш рет тұрған жоқпын, бәрі де iPhone 4-тен басталған. Бірақ бұл жолы мен iPhone 6S-ті алғашқы болып қолыма аламын. Валентин Николаенков, Мәскеу тұрғыны: — Қанша күн өткені есімде жоқ. Өйткені осында тамақ ішіп, түнеп жүрміз. Әрине, бұл телефон жақын арада Ресейде де сатылады, бірақ Берлинде алғашқылардың қатарында болып иемденемін.