Домой Жаңалықтар Білім А. Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми кездесу өткізеді

А. Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми кездесу өткізеді

А. Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми кездесу өткізеді

0430a1b55d8a076ae61cee8435096b75ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов 28 қыркүйекте Павлодар қаласында Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми кездесу (Informal Networking Conference) өткізеді деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. 

Кездесу С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында өтеді. Диалог қатысушылары «Болашақ» бағдарламасының 70 түлегі, ҚР БҒМ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер. Informal Networking Conference білім және ғылым өзекті мәселелерін талқылау, еркін ой бөлісу және сараптамалық бағалау нысанындағы ашық диалогты көздейді.
Кездесу шеңберінде кадрлар даярлаудың, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы арқылы даярлаудың отандық жүйесін дамыту перспективаларын қарау, 2020 жылға дейінгі стипендияны дамыту жоспарында белгіленген түлектердің «Болашақ» бағдарламасының жаңа бастамаларын «100 нақты қадам» ұлт жоспары басымдылықтарын іске асырудағы және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жылжытудағы рөлін талқылау көзделеді.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here