Америкалық ғалымдар адамның ішкі мүшелерінің 3 өлшемді моделін жіті көруге мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама ойлап тапты.
Соның арқасында дәрігерлер сәбилердің туа бітті жүрек ақаулары секілді күрделі ауруларды емдей алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл бағдарлама науқастардың уақыты мен қаржысын үнемдеп қана қоймай, операцияның сапасын анағұрлым жақсартады.
Серджио Агирре, Echopixel компаниясының өкілі:
— Нәрестенің қантамырларының қалыңдығы миллиметрден де жіңішке. Мұндай операциялардың күрделі болуының себебі де осы. Арнайы көзілдірік пен монитордың көмегімен дәрігерлер оларды анық көре алады.