Қазақстандық ғалымдар түйенің етінен жасалған шұшық шығарды.
Бұл туралы Tech garden fest 2015 стартапы аясында ұйымдастырылған көрме кезінде сарапшы Жасын Ұзақов айтып берді. Түйе етінен жасалған тағам өнімдерінің төрт түрі бар, олардың құрамындағы ет мөлшері әртүрлі.
Ұзақов барлық өнімнің «халал» стандартына сәйкес екенін айтты. Оны қосымша өңдеусіз тұтына беруге болады. «Сергек» шұжығына біз жылқы еті мен құйрық май қостық. «Қуат» шұжығында түйе еті мен қойдың құйрық майы бар. Ал «Сарбаз» тек түйе етінен жасалған. «Номад тағамы» да түйе етінен жасалған, тек қысылып байланған», — деді сарапшы.