The Ring-де дауыс беру кезінде WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин дене салмағына тәуелсіз түрде әлемнің ең үздік боксшысы (Pound-for-Pound, P4P) атағын жеңіп алды.
Қазақстандыққа дауыс берушілердің 72 пайызы өз дауыстарын берді (69 071 адам). Екінші орында — никарагуалық Роман Гонсалес (24 пайыз дауыс), ал үшінші орында филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо (1 пайыз дауыс) тұр.
Айта кетейік, The Ring дене салмағына тәуелсіз түрде ең үздік боксшы деп танылған кіші Флойд Мейвезер мәнсабын аяқтағаннан кейін бұл дауыс беруді ұйымдастыруға бел шешті. Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін Давид Лемьемен 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.