Домой Жаңалықтар Қоғам Талдықорғанда «Қала күніне» орай 80 келі тартатын алып торт әзірленді

Талдықорғанда «Қала күніне» орай 80 келі тартатын алып торт әзірленді

Талдықорғанда «Қала күніне» орай 80 келі тартатын алып торт әзірленді

11Талдықорғанда Қала күні мерекесіне орай арнайы 80 келі тартатын тәтті торт әзірленді деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қала күніне арналған мәдени шаралар Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастаған қонақтардың «Даңқ» обелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Батыр бабаларымыздың ерлігіне тағзым еткен өңір басшысы Талдықорған қаласының әскери гарнизонының Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде қолданыста тұрған қару-жарақтар мен әскери техникалардан ұйымдастырылған көрмені, қаланың кәсіпорындары мен өндіріс ұжымдары ұйымдастырған тағамдар көрмесін аралап, орталық алаңда өнерлі бүлдіршіндердің әзірлеген концерттік бағдарламасын тамашалады.

10
Мереке күніне орай қаланың тағам саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлері де өздерінің сүбелі үлестерін қосты. Атап айтқанда Қала күні мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы диаметрі 550 см. болатын алып пицца мен 80 келі тартатын көлемді торт әзірленіп, қала тұрғындарына тарту етілді.

DSM_8695
Талдықорған қаласының Орталық стадионында өткен «Жан жүрегім Талдықорған» атты мерекелік гала-концертті ашқан облыс әкімі Амандық Баталов талдықорғандықтарды мерекемен құттықтап:
— Жетісу – тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алатын қасиетті мекен. Жетісу – түгін тартса май шығатын, шыбық қадасаң мәуелі бәйтерек болып өсетін киелі жер. Дана халқымыздың «Ырыс алды ынтымақ» деген аталы сөзі бар. Халықтың ынтымағы, татулығы, бір-біріне деген құрметі – ел өркендеуінің кепілі. Ендеше, әсем қаламыз – бақ-береке бесігі болсын деп тілейік. Еліміздің болашағы баянды болсын! Әр шаңыраққа жақсылық, мол бақыт тілеймін! – деді.

DSM_8633

Мерекелік шара «Ерліктің арқауы, Елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған музыкалық-театрландырылған көріністен басталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Достық жыры», ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Тағзым» атты музыкалық-хореогрфиялық композициясына ұласты.

06

Тамыз айының соңынан бастауын алып, бір айға созылған Қала күніне орайластырылған мерекелік шаралар кешке Қазақстан эстрадасы әншілерінің қатысуымен өтетін қала жастарына арналған би кешімен және мерекелік отшашумен аяқталады.

DSM_8893

ФОТО: Асқар ҚҰРАНБЕК

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here