Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысында құрылыс мәселелері талқыланды

Алматы облысында құрылыс мәселелері талқыланды

Алматы облысында құрылыс мәселелері талқыланды

Курылыс-2Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовтың төрағалығымен облыстағы құрылыстардың заңдылығы, құрылыс ережелері мен нормаларының сақталуы және жер мәселесіне қатысты жиын өтті.

Жиында облыстың бас сәулетшісі Дәркен Нұржанов баяндама жасап, өңіріміздің сәулет және құрылыс саласындағы мәселелерді баяндап берді. Айтуынша 2001-2014 жылдар аралығында облыстың 552 елді мекені қалақұрылыс құжаттамаларымен қамтылған. Биыл бұл мақсатқа 1,690 млрд. теңге қаражат бөлініп, 35 елді мекенге жоспарлау жобасын әзірлеу жұмысы жүргізіліп, 11 елді мекенге нақты жоспарлау жобасы әзірленуде. Содан кейін баяндамашы аудан, қалаларда Қазақстан Республикасының «Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарының бұзылғандығы туралы нақты деректер келтірді.

Баяндамашының келтірген деректерін тыңдай келе, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов жиынға қатысушы аудан, қала әкімдері мен өңірлердегі бас сәулетшілерге заңсыз құрылыстардың себептерін анықтап, сол келеңсіздіктерді жою және алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы тапсырма берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here