Домой Жаңалықтар Әлем АҚШ-та Батырхан Шүкеновтің баласы әкесінің әнжинағын Назарбаевқа сыйлады

АҚШ-та Батырхан Шүкеновтің баласы әкесінің әнжинағын Назарбаевқа сыйлады

АҚШ-та Батырхан Шүкеновтің баласы әкесінің әнжинағын Назарбаевқа сыйлады

photo_20983Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан студенттермен кездесті.

«Болашақ» бағдарламасымен Нью-Йорк және Колумбиялық университетте оқып жатқандар, сонымен қатар, Нью-Йорктің және Джордж Вашингтон киноөнер академиясының студенттері Мемлекет басшысына оқудағы жетістіктері жайлы айтып берді. Президент оларға оқуда үздік болуды тілеп, алған білімді өз елінің игілігіне арнауға шақырды.

Қазақстандық жастардың ішінде Батырхан Шүкеновтің баласы Мақсұт та болған. Ол Америкада. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа өз әкесінің әнжинағын сыйлады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен АҚШ-қа барған еді. Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделіп отыр. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған.

tengrinews.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here