Домой Жаңалықтар Қоғам Күз мезгіліндегі пайдалы 7 азық

Күз мезгіліндегі пайдалы 7 азық

Күз мезгіліндегі пайдалы 7 азық

5608ea0ce6f31Күн салқындай бастағанда, күзде ғана емес қыста да біздің иммундық жүйеміз әлсіз келеді. Дәл осы кезеңдерде көкөністі, жеміс-жидекті көп жемейміз, ал ауада қалықтап жүрген түрлі вирустар ағзамызға кіруге тырысады. Вирустан сақтанып, деніміздің саулығын қалай нығайта аламыз? Осы сұрақ төңірегінде сіздерге ұсынғалы отырған бірнеше кеңесіміз бар. Назар салыңыз!

Дұрыс тамақтануыңызды қадағалаңыз. Суық мезгілде міндетті түрде жейтін тағамыңыздың құрамында болуы тиіс:

1. Ашытқан қырыққабат

В, С дәрумендеріне бай, тіпті жаңа піскеннен де пайдалырақ.

2. Итмұрын

Дәл осы итмұрын С дәруменінің көп мөлшерін және басқа да түрлі дәрумендерді құрамында сақтайды. Соынмен қатар, итмұрында темір, фосфор, калий, магний, мыс бар.

3. Тосап, жемістен жасалған тәтті тағам немесе мұздатылған қара қарақат

Олардың көмегімен ағзаңызды В, С, Е, Д, Р, К дәрумендеріне байытыңыз. Иммунитетті жоғарылатып қана қоймай, ағзаға түрлі вирустармен күресуге көмектеседі, қан айналымның жұмысын жақсартады.

4. Цитрус тектестер ( лимон, апельсин, грейпфрут)

Аскорбин қышқылын, магний, калий, темір, фосфор, натрий, калцийді, А, В, РР дәрімендерін цитрус тектестердің құрамынан табуға болады.

5. Қымыздық пен саумалдық

Мұздатылған күйінде де пайдасы мол. Жоғарыда көрсетіп өткен витаминдерден басқа мыс, цинк, марганецті құрамында сақтайды.

6. Болгар бұрышы

Қан тамырларын нығайтып, ми қанайналымын дұрыстайды.

7. Көк жуа

Иммуниетке ең күшті әсер беретін тағам болып табылады.

anabol.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here