Домой Жаңалықтар Әлем Бүгін «Ұлы далада мемлекеттік дәстүр сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін «Ұлы далада мемлекеттік дәстүр сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін «Ұлы далада мемлекеттік дәстүр сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтеді

220a138b37f1655793b2e3df0913d9c4_XLБүгін Венгрия астанасы Будапешт қаласында Халықаралық Түркі академиясының, Қазақстан Республикасының Венгриядығы Елшілігінің және Венгрия ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Ұлы далада мемлекеттік дәстүр сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аталған маңызды шараға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Венгрияның белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысады. Атап айтқанда, алқалы жиынды Қазақстанның Венгриядағы елшісі Нұрбах Рүстемов, Венгрия мемлекеттік хатшысының орынбасары Жолт Чутора, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Венгрия ғылым академиясы Гуманитарлық ғылымдар зерттеу орталығы директорының орынбасары Балажа Балога,
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі кеңесі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, Будапешттегі Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығының директоры Якуп Гүл және Түркі кеңесінің халықаралық өкілі Хатиже Тугба Икизлер құттықтау сөз сөйлеп ашады.

Бұдан әрі конференция белгілі ғалымдардың баяндамаларымен жалғасын табады. Қатысушылардың қатарында профессорлар Зардыхан Қинаятұлы (Қазақстан), Қадыралы Конқобаев (Қырғызстан), Иштван Зимони (Венгриядағы Сегед университеті Алтаистика кафедрасының жетекшісі), Болат Көмеков (Қазақстан), Мария Иванич (Венгрия ғылым академиясы Түркологиялық зерттеулер тобының жетекшісі), сонымен қатар Бақыт Еженханұлы (Халықаралық Түркі академиясы), Дәуіт Шомпай (Венгрия ғылым академиясы), Раушан Мұқышева (Венгрия, Сегед университеті), Эстер Отто-Ковач (Сегед университетінің PhD тыңдаушысы) қатарлы ғалымдар бар.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы республикалық және халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтуде. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы Қазақстанда және шет мемлекеттерде бірнеше ғылыми жиындар ұйымдастырды. Түбі бір түркі халықтары тарихи атажұрт санайтын Ұлы Дала тарихын шетелдерде таныта түсуге ықпал ететін Венгриядағы конференция сол бастаманың жалғасы болып саналады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here