Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

0
Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Астанада3 қазан күні Астана қаласындағы «Хан шатыры» сауда орталығының маңайында Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңкеде Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласының тауар өндірушілері өсірген экологиялық таза өнімдер сатылады. Бұл жердегі баға базардағыдан әлдеқайда арзан болады.

Жалпы жәрмеңкеге 90,2 млн. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65 түрі апарылмақ. Жалпы көлемі 300 тонна.

Тағы да айта кетерлік жайт, астаналықтарға жәрмеңкемен қатар Алматы облысы өнерпаздарының тамаша концерттік нөмірлерін тамашалап кетуге болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here