«ТЭФИ — Достастық 2015” халықаралық теледидар фестивалінде “Батырлар” анимациялық сериалы «Үздік анимация» аталымында жеңіске жетті. Бұл жоба Motion Capture (қозғалысты қамту) инновациялық технологиясы пайдаланылып, «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында KCG студиясы шығарды.
Мультсериал – 17-18 ғасырлардағы қазақ-жоңғар соғыстарының тарихы қамтылған өткенге саяхат. Әр сериясы тарихи батырлардың — Наурызбай, Қабанбай және Бөгенбай сияқты қазақ батырларының ерліктеріне арналған. «Әр батырдың тарихын олардың негізгі мінез ерекшеліктері: қайырымдылығы, даналығы және бірлікке ұмтылысы арқылы аштық. Сценарийді жазған кезде тарихшылармен, педагогтармен және психологтармен ақылдасып, оның мазмұнын бірге талқыладық», — дейді “Батырлар” анимациялық сериалының продюсері Айнұр Темірханқызы.
Бұл — KCG студиясының анимациялық сериал жобасы үшін алған алғашқы халықаралық сыйлығы. “Батырлар” жобасы балаларға кең танымал компьютерлік 3D анимациясы форматы арқылы жеткіншек ұрпаққа ұлттық дәстүрге сай ұлт батырлары мен тарих туралы әңгімелеу. «Отандық сапалы анимациялық контент үлесі мардымсыз. Біз алдымызға бәсекеге қабілетті анимациялық фильмдер жасап, осы үлесті ұлғайтуға ұмтыламыз.» — дейді KCG студиясының бас директоры Ернар Құрмашев.