Домой Жаңалықтар Мәдениет «Қаллеки» театры ХХV жаңа маусымын «Абай» трагедиясымен ашады

«Қаллеки» театры ХХV жаңа маусымын «Абай» трагедиясымен ашады

«Қаллеки» театры ХХV жаңа маусымын «Абай» трагедиясымен ашады

Абай — копияҚ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1 қазан күні сағат 17.30-да ХХV мерейтойлық жаңа маусымның ашылуына орай баспасөз конференциясын өткізеді.

ХХV жаңа маусым шымылдығын Абайдың туғанына 170 жыл толуына арналған мерейтой аясында М. Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашады.

Айта кетейік, театр ұжымы 20-24 қазан аралығында Өскемен қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIII Республикалық фестиваліне В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде қойылған «Тыраулап ұшқан тырналар» спектаклімен қатысып, қойылым режиссері Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов «Үздік режиссерлік шешім» номинациясымен марапатталды.

Оған қоса, жаңа маусымда театр ұжымы М.Әуезовтің «Қараш-қараш» әңгімесі бойынша жазылған драматург Қалихан Ысқақтың «Таңғы жаңғырық» шығармасының премьерасын ұсынбақ. Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.

Театр ұжымы Атырау қаласында қазан айында өтетін драматург, жазушы «Рахымжан Отарбаев» атындағы Театр фестиваліне автордың «Нашақор новелласы» атты шығарма желісі бойынша сахналанған режиссер Нұрлан Жұманиязовтың «Көлеңкесіз жолаушы» психологиясымен қатысады деп күтілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here