Бүгін Астанада Алматы облысы ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Алдыңғы жолы хабарлағанымыздай, алматылықтар астаналықтар мен қала қонақтарына тауардың 60-тан аса түрін ұсыныпты.
Жәрмеңке «Хан шатыры» сауда орталығының маңайында өтуде. Алайда елордадағы жауған жаңбырдың кесірінен адам қарасы аз болып көрінді. Әйтсе де жауын басылысымен, нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан өнімдердің жақсы өтетіні анық.