Домой Жаңалықтар Спорт Бейбіт Назаров қарсыласын 40 секундта жеңді

Бейбіт Назаров қарсыласын 40 секундта жеңді

Бейбіт Назаров қарсыласын 40 секундта жеңді

e16a5cb2fa3bd1ba5f1dc30530b8d85aӘлем чемпионы Бейбіт Назаров италиялық Массимо Капусселамен чемпиондық белбеуін сарапқа салды.

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде аралас жекпе-жектен «KUNLUNFIGHT 4 CAGESERIES» жобасы бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық турнир өтті.

Бұл кеште барлығы 12 жекпе-жек өтті. Оның екеуі осы кештің басты кездесулері болды. Турнирге қатысқан 24 спортшының бесеуі қазақстандық балуандар.

Осы кештің басты жекпе-жегінде әлем чемпионы, жерлесіміз Бейбіт Назаров италиялық Массимо Капусселамен чемпиондық белбеуін сарапқа салды. Астаналық жанкүйерлерді Бейбіт тамаша жеңісімен қуантты. Жерлесіміз Апенин түбегінен келген спортшыны 40 секундтың ішінде буындыру әдісімен таза жеңді. Осылайша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғады.

Бейбіт биылғы жылы сәуір айында бразилиялық спортшыны жеңіп чемпион атанған еді. Бұл атағын кейін маусым айында Бейжің қаласында өткен кезекті әлемдік додада ол жергілікті сайыпқыран Бухао Тянды жеңіп, бірінші рет қорғап қалды. Енді, міне, Астанада екінші рет қорғап отыр.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here