Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы айналма тасжолын салғысы келетін үміткерлердің өтініштері қаралады

Алматы айналма тасжолын салғысы келетін үміткерлердің өтініштері қаралады

Алматы айналма тасжолын салғысы келетін үміткерлердің өтініштері қаралады

Алматы айналма тасжолын салғысы келетін үміткерлердің өтініштері қаралады2015 жылдың 26 қарашасында Үлкен Алматы айналма тасжолының құрылысын жүргізуге ниет білдірген үміткерлердің өтініштері қаралады.

Бұл байқаудың екінші кезеңі. Ал желтоқсан айында олардың ішіндегі үздігі анықталып, келіссөздер басталады. Тиісті келісімге қол қою және нысанның құрылысын бастау 2016 жылға жоспарланып отыр. Аталған жоба концессиялық механизм арқылы жүргізілетіндіктен, жобаны қаржыландырудың үлесін инвесторлар өздері бөледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 14 қаңтарда концессионерді анықтау бойынша екі кезеңнен тұратын ашық байқау жарияланды.

7 сәуірде байқаудың бірінші кезеңінде 27 халықаралық және отандық компаниядан құрылған 9 консорциум өтініш берді.

ҚР «Концессиялар туралы» Заңына сәйкес, өтініштерді республикалық меншікке жататын нысандарға қатысты концессия жөніндегі арнайы комиссия іріктейді. Комиссияға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев төрағалық етеді.

Байқаудың екінші кезеңіне 5 консорциум өтініш берді (Түркия/Оңтүстік Корея, Түркия/Италия/Нидерланды, Франция/Қазақстан, Испания/Түркия/Франция, Қытай/Қазақстан). Биыл маусым айында ҚР ИДМ әлеуетті кредиторлармен конференция өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Халықаралық қаржы институттары әлеуетті концессионер кредитор ретінде қатысуға қызығушылық білдірді: ЕҚДБ, АДБ, ИДБ, IFC, Қазына Капитал Менеджмент, Credit Suisse, Еуразиялық даму банкі, Goldman Sachs, Эксим банк.

Қазір байқауға қатысушылар өздерінің өтініштерін дайындауда (техникалық және қаржылай ұсыныстарын).

Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады. Пайдалануға берілген алғашқы жылы 78 мың, ал 2034 жылға қарай тәулігіне 104 мың автокөлік өтеді.

Алғашқы кезеңде осы жолды пайдаланғаны үшін жеңіл көліктер 210 теңге және жүк көліктері 340 теңге төлейді.

Үлкен Алматы айналма тасжолы Үкімет қаулысымен аса маңызды концессиялық жобалар қатарына кірді. Инвестициялық және пайдалану шығындары үшін өтемақы және автожолды басқарушы концессионерге сыйақы «қолжетімділік үшін ақы» механизмі арқылы мемлекет тағайындаған ақыдан төленеді. Ақылы жол үшін барлық алымдар республикалық бюджетке түседі. Осы жолдан 15,5 жылда 231 млрд теңге жиналады. Сондай-ақ, концессиялық келісім бойынша концессиялық қызметтен республикалық бюджетке (64 млрд. теңге) салық түседі.

mid.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here