Домой Жаңалықтар Мәдениет Қойылым екенін біліп тұрсақ та, қазақтарға жан-­тәнімізбен беріле болысып тұрдық (Блог)

Қойылым екенін біліп тұрсақ та, қазақтарға жан-­тәнімізбен беріле болысып тұрдық (Блог)

0
Қойылым екенін біліп тұрсақ та, қазақтарға жан-­тәнімізбен беріле болысып тұрдық (Блог)
"Орбұлақ шайқасы" қойылымының HD постерлері
"Орбұлақ шайқасы" қойылымының HD постерлері
«Орбұлақ шайқасы» қойылымының HD постерлері

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деуші еді қой. Бұл жолы боладысы да, болғаны да, болғаннан кейінгісі де қызық болды. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында 2 ­қазан күні Талдықорған қаласында өткен «Орбұлақ шайқасының» реконструкциялық қойылымын айтамын. Сіз болып па едіңіз ол тойда? Болмасаңыз, бар қызықтан құр қалыпсыз. Дегенмен, өкінбеңіз!

Тарихи шайқастың куәсі болуға барған бір топ блогерлер мен журналистердің арасында мен де болдым. Ендеше, көрген қызықтарым мен сол сәттен алған әсерім жайлы біраз сыр шертейін.

AH1Z6379 копия
«Орбұлақ шайқасының» қойылымына байланысты өткен баспасөз жиыны

Алдымен қысқаша мәлімет. Кім ұйымдастырды? Идея авторы кім? Жоспардың іске асуына кімдер септігін тигізді? Бұл сұрақтардың жауабын осы шараның басы-­қасында жүрген Ерасыл Толымбекұлы берген болатын. Ол жігіттің айтуынша шараның өтуіне себепкер болған және идеяны жүзеге асырған – Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Алпысбаев Рустам Алиұлы. Алайда, аталмыш мерекенің ойдағыдай өтуіне мекемедегі барша қызметкерлер ат салысқан. Бұл жоба жоғары деңгейде өтуі үшін жастардың ұйымдастыру жұмыстарына білек сыбана кіріскендері көрініп-­ақ тұр. 4 айдан астам уақытқа созылған дайындық жұмыстары оң нәтиже беріп, ұйымдастырушылардың еңбегі ақталды.

Талдықорған қаласында тарихи Орбұлақ шайқасының көрсетілімі өтті (ФОТО)
«Орбұлақ шайқасының» қойылымынан көрініс. ©Асқар Құранбек

Ал, енді қойылым жайлы сөз қозғайын. О баста «Орбұлақ шайқасы» жайлы әлеуметтік желілерде «50 мың қалмаққа 600 қазақтың тойтарыс беруі мүмкін емес, ол жәй аңыз.  Қазақтардың қосып айтатын әдеті ғой, барып тұрған фантастика» деген секілді әңгімелер айтылған болатын. Алайда, біз көрген шайқастан кейін қазақтардың қалмақтарға асқан ержүректікпен қарсы тұрғанына риясыз сенуге болады. Ипподромдағы жазық алаңға 50 мың адам шықпағаны анық. Бірақ, 100­-ге жуық жылқы және 600-­ге тарта адам қатысты деген дерек рас. Оның өзі алғаш рет көрерменге жол тартып отырған қойылым үшін аз емес деп ойлаймын.

Талдықорған қаласында тарихи Орбұлақ шайқасының көрсетілімі өтті (ФОТО)
«Орбұлақ шайқасының» қойылымынан көрініс. ©Асқар Құранбек

Жә, сан маңызды емес, ең бастысы сапа ғой. Ең қызық жерін жазайын. Қойылымның басында тып­-тыныш жатқан ауылға қалмақтар кеп, қырғын сап кеткен кезде, отқа оранған киіз үй, шұрқырап жылаған бала, жан ұшыра айқайлаған әйелді көріп, денемізден тоқ жүріп өткендей болды. Көзімізге еріксіз жас келді. Одан кейінгі эпизодта жоңғарларға қарсы ат үстінде атойлап келе жатқан батырларымызды көріп, жігерлене түстік. Жүрегіміз тулап, қойылым екенін біліп тұрсақ та, шын соғыс боп жатқандай, қазақтарға жан­өтәнімізбен беріле болысып тұрдық. Сол мезетте ел басына күн туа қалған жағдайда, ешкімнің қарап қалмасын түсіндім. Демек, қойылымның түп мақсаты да сол: жас ұрпаққа халқымыздың біртуар батырларының ерлігін насихаттау, шайқасты тамашалаған әр қазақтың патриоттық сезімін, ұлтқа деген сүйіспеншілігін ояту. Ендеше, мақсат орындалды деп айта берсек те болады.

Талдықорған қаласында тарихи Орбұлақ шайқасының көрсетілімі өтті (ФОТО)
©Асқар Құранбек

Басқасын қайдам, өз басым қойылымнан керемет әсер алып, рухтанып қайттым. «Әттеген-­ай» деген тұстары болмады емес, болды әрине. Дегенмен, даттау үшін барған жоқпыз. Мақтамаймыз да! Тек мақтанамыз!

Елімізді, жерімізді қасық қандары қалғанша қорғап, ұлан­ғайр атырапты бізге мирас етіп кеткен бабалар рухына мың тағзым! Байрағымыз әрдайым көкте желбіреп, бейбіт күннің астында тату-­тәтті ғұмыр кеше берейік! Енді ешқашан шайқас болмасын…
Алла Тағала маңдайымызға тек «қойылым» көруді ғана жазсын!

Арнайы Jas.kz үшін: Риза ШАЙҚАҚ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here