Елімізде «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы басталды.
Бағдарлама бірінші кезекте еліміздегі ұлттар бірлігін сақтауға негізделген. Бұл туралы Орталық комуникациялар орталығында «Қоғамдық келісім» республикалық бірлестігінің директоры Наталья Калашникова мәлімдеді. Сондай-ақ ол осы жоба республикалық көлемде қызу талқыға түскенін жеткізді.
Наталья Калашникова, «Қоғамдық келісім» республикалық бірлестігінің директоры:
— Бүгінгі форумда «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының жұмысы ресми түрде ашық деп жарияланды. Оның аясында бірқатар ірі бағдарлама іске асырылмақ. Бұл жобаның барлығы Қазақстандағы ұлттар бірлігін сақтауға және болашаққа нық сеніммен қарауға жасалған қадамдар.