Мемлекеттік қызметтің жаңа стандарттары күшіне енді.
Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту шеңберінде ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандарттары қайта қаралып, бекітілді.
Көрсетілетін қызмет бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат алу үшін құжаттар топтамасы 8-ден 3-ке дейін қысқартылды, қызмет көрсету мерзімі 20 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне, метрологиялық аттестаттау туралы сертификат алу үшін құжаттар топтамасы 7-ден 2-ге дейін, қызмет көрсету мерзімі 20 күннен 15 жұмыс күніне қысқартылды, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 20 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Осымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен көрсетілетін үш мемлекеттік қызметті 2016 жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді көздейтін толықтырулар қабылданды.
Бүгінгі күні көрсетілетін қызметтер: сарапшы-аудиторларды аттестаттау, мемлекеттік рәміздерді дайындауға арналған лицензия беру электрондық портал арқылы көрсетіледі, бұл мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинеті арқылы жүгініп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар үшін www.memst.kz сайтында қызметтердің тізбесі, рұқсат беру құжаттарының паспорттары орналастырылған.