Шетелдік тасымалдаушылардың тарапынан болған заңбұзушылықтар 20% өскен. Олар негізінен рұқсат бланкілерінің болмауы, үшінші бір елден жүк тасымалдау немесе каботажды жүктерді тасымалдау, салмақ габариттері параметрлерінің сақталмауына қатысты.
Осыған байланысты ҚР ИДМ Көлік комитеті 2015 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсаны аралығында « Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды!» акциясы аясында тасымалдаушылардың жүк тасымалдауға рұқсаттарының бар-жоғын тексеру күшейеді. Халықаралық жолаушылар тасымалы мен жүктерді автокөлікпен тасымалдау туралы үкіметаралық келісім аясында жыл сайын шет мемлекеттердің тиісті органдарымен халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат беретін бланкілерді тепе-тең жағдайда алмасу жүзеге асуда. «Бұл құжаттар шетелдік тасымалдаушыларға халықаралық Келісімдерге сәйкес берілуде. Әрбір ел әріптес-мемлекетке оның аумағы арқылы тасымалданатын жүкке квота белгілейді. Міне осылайша квота алмаған тасымалдаушы компаниялар шетелдің аумағынан жүк алып өте алмайды»-деп атап өтті ҚР ИДМ көлік комиеті төрағасының орынбасары Нығыметджан Мақажанов. Бұл отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған қадам.