Домой Жаңалықтар Қоғам Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандары кеңес берді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандары кеңес берді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандары кеңес берді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандары кеңес берді2015 жылғы 16 наурыз бен 5 қазан аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 12432 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 12432 азаматтың 8078-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 2305 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 2049 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 5 қазан аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 3691 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 6341 рет барды.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 5 қазандағы жағдайы бойынша 2024 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.

Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.

mzsr.gov.kz 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here