Microsoft корпорациясы жаңа технологиялардың таныстырылымы барысында өзінің тұңғыш ноутбугы Surface Book-ты ұсынды. Компанияның мәліметінше, бұл ноутбуктың өнімділігі Apple компаниясының MacBook Pro өнімінен екі есеге жоғары.
Surface Book ноутбук-трансформері 267 ppi пиксельдік жиілігі бар 13,5-дюймдік дисплеймен және Surface Pen-мен жабдықталған.
Ноутбук жаңа Intel, 8 немесе 16 гигабайт жедел жадымен және 128, 256 немесе 512 гигабайт көлеміндегі жинақтауышпен қамтылған. Сонымен қатар, GDDR5 жадымен дискретті NVIDIA графиктерді жылдамдатқыштан өзге электронды компоненттердің барлығы экранда орналастырылған. Ноутбуктың перне блогын алып тастап, оны планшет ретінде қолдануға болады.
Surface Book екі портпен жабдықталған — USB 3.0 және SD карталарына арналған толық өлшемді слот. Док-станцияны қосуға арналған коннекторы да бар. Сонымен қатар, Microsoft 12 сағаттық дербес жұмысқа уәде беріп отыр.
Microsoft Surface Book-тың бастапқы бағасы — 1499 доллар, алдын ала тапсырыс беруді 7 қазаннан бастап рәсімдеуге болады. Сатылым 26 қазаннан басталады деп жоспарланған.